
Білім беру басқарманың ақпараттық технологиялар орталығы жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысын шығарды. Облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 6-9 сынып оқушыларынан 185 өтінім қабылданды.
Екі тур өткізілді - І қашықтықтан іріктеу турына 140 оқушы, ІІ күндізгі қорытынды турға 111 оқушы (С. Торайғыров атындағы ЖОМ) қатысты.
Зияткерлік олимпиада қорытындысы бойынша I орынды облыс мектептерінің 4 оқушысы иеленді, оның ішінде Агулярный Роман, С. Торайғыров атындағы ЖОМ 7 сынып оқушысы бар.
II орынды облыс мектептерінің 4 оқушысы иеленді, оның ішінде № 38 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ғабдуллин Нұраділ, А. Шамкенов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Туркин Егор бар.
III орынды облыс мектептерінің 4 оқушысы иеленді, оның ішінде № 41 ЖОМ 7 сынып оқушысы Богомолов Иван, № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қайыртасов Адлет бар.
Облыс мектептерінің 6 оқушысы «Тапқыр оқушы» номинациясына ие болды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 5 оқушысы-Кабдрашев Арыстан, С. Торайғыров атындағы ЖОМ 7 сынып оқушысы, Смағұлов Кәрім, А. Бөкейхан атындағы мектептің 7 сынып оқушысы, Кильдигузинова Амели, Стоколяс Максим, Ш. Шөкин атындағы мектептің 8 сынып оқушылары, Ашкен Медеу, № 7 ЖОМ 9 сынып оқушылары бар.
«Жас бағдармашы» номинациясы облыс мектептерінің 3 қатысушысына табысталды, оның ішінде Горелов Марк, № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы, Әсетқызы Асыл, № 7 ЖОМ 8 сынып оқушысы, Моргунова Яна, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушылары бар.
«Талпыныс» номинациясы облыс мектептерінің 6 қатысушысына, оның ішінде № 38 ЖОМ 6 сынып оқушысы Имран Құсановқа, № 39 ЖОМ 7 сынып оқушысы Роман Власовқа, Александр Рыспековке, С.Торайғыров атындағы ЖОМ 8 сынып оқушыларына табысталды.
Олимпиаданың салтанатты жабылуында қатысушылар орталықтың сертификаттарымен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.