Қала оқушыларының шығармашылығындағы сәндік-қолданбалы өнер

Қала оқушыларының шығармашылығындағы сәндік-қолданбалы өнер

 

Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында Павлодар қаласының білім бөлімінің балалар техникалық мектебімен 24 ақпаннан бастап 3D модельдеу элементтерін пайдалана отырып, сәндік-қолданбалы шығармашылық бойынша «Бақытты шаңырақ астында» атты қалалық байқауы өткізілді. Мақсаты – шығармашылық белсенділікті дамыту, практикалық дағдыларды қалыптастыру, қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнердегі халықтық дәстүрлерді, елдің мәдени-тарихи мұрасын сақтау.

Конкурсқа № 2, 25, 17, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Ж. Ташенев атындағы, М. Жүсіп атындағы, Кенжекөл жалпы білім беретін мектептердің 7 – 16 жас аралығындағы 35 оқушы қатыстып, матаны көркемдеп өңдеу техникасында ағаш, пластмасса, қағаз пластик, бисер, 3D модельдеу заманауи сәндік-қолданбалы өнер 7 номинация бойынша 35 жұмыс ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша 22 оқушы жеңімпаз атанды, оның ішінде 7 қатысушы бірінші орынды, 7 – екінші орынды, 8 – үшінші орынды иеленді.

І орынды Кенжекөл ЖОМ оқушылары «Тұрмыстық және тұрмыстық заттар» номинациясы бойынша Амантай Айнара 3D модельдеу техникасында орындалған «Самовар» жұмысы үшін, «Музыкалық аспаптар» номинациясы бойынша Дәулетбек Абдул Азиз 3D модельдеу элементтері бар ағаштык өркемдік өңдеу техникасында орындалған «Асатаяк» жұмысы үшін,  «Қазақстаның жанды рәміздері» номинациясы бойынша  Амантай Еркежан зергерлік шығармашылық элементтерімен 3D модельдеу техникасында орындалған «Зегерлік өнер» жұмысы үшін иеленді.

І орынды М. Жүсіп атындағы мектептің оқушылары «Ұлттық өрнек» номинациясы бойынша Бекмұханбет Ерасыл 3D модельдеу техникасында сәндік - қолдан балы шығармашылық элементтерімен - киіз, пайетка, страза мен орындалған  «Ұлттық ою» жұмысы үшін, "Қазақстан сәулеті» номинациясы бойынша Сайдаш Ерали 3D модельдеу техникасында орындалған 3D принтерде пластиктен жасалған «Менің Қазақстаным» жұмысы үшін иеленді.

I орынды № 14 мектептің оқушысы «Ұлттық декор элементтері» номинациясы бойынша Жүнісова Айлин 3D элементтермен безендірілген мата-киізді көркемдік өңдеу техникасында орындалған «Үміт» жұмысы үшін иеленді.

I орынды № 25 ЖОМ оқушысы «Зергерлік шығармашылық» номинациясында Сагиева Зере 3D модельдеу техникасында моншақтарды пайдалана отырып орындалған  «Қазақ ұлттық зергерлік» жұмысы үшін иеленді.

- Байқау балалар шығармашылығының шексіз екенін тағыда көрсетті. Балалар жұмыстарында сіз балалардың өзін-өзі көрсетуін, практикалық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін білдіру және көрсету мүмкіндігін көре  аласыз. Балалар шығармашылығы - бұл қоғамдағы ертеңгі күннің нақты әлеуеті, - дейді техникалық мектептің бөлім меңгерушісі Ирина Зозуля.