Театр қойылымдары жобасының бірінші кезеңі басталды

Театр қойылымдары жобасының бірінші кезеңі басталды

«Ұлы дала мұрасы» әлеуметтік жобасы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Әжемнің ертегілері» жобасының бірінші кезеңін - қазақ халық ертегілері негізінде театрландырылған қуыршақ қойылымының байқауын бастады. Жоба 4 кезеңнен тұрады - «Әжемнің ертегісі», «Қазақтын мифтік кейіпкерлері», «TeatreShadow», «Қазақ халқының тарихи мұрасы». Жобаның бірінші кезеңінің мақсаты - қазақ халық ертегілеріне, фольклорлық өнерге деген қызығушылықты тәрбиелеу, көркемдік қабілеттерін, сахнада өнер көрсету дағдыларын дамыту.

Жобаның 2-ші кезеңіне шығу үшін шағын аудандар бойынша алты жерде үш жүзден астам 3 - 8 сынып оқушылары  қаланың 37 жалпы білім беретін мектептерінен келген театр ұжымдары қатысты. Көптеген жарқын қойылымдардың ішінен қазылар алқасы қойылымдары байқау талаптарына сәйкес келетін 24 ұжымды таңдады - актерлік шеберлік, сахналық іс-әрекеттің мәнерлілігі, қуыршақтар мен декорациялардың сапасы, музыкалық сүйемелдеу.

«Ер Төстік», «Алдар-Көсе және бай», «Түйе мүйізінен қалай айырылды», «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу», «Желаяқ батыр», «Айдаһармен айқас», «Алтын бөкен», «Жігіт және алтын құс», «Үш ағайынды мен алпауыт», «Жеті лақ пен қасқыр», «Хан және ақылды қойшы» халық ертегілерінен үзінділер ұсынылды.

Сәуір айында өтетін «Қазақтың мифтік кейіпкерлері» атты жобаның екінші кезеңіне жоладама алған мектептер: С. Торайғыров атындағы, А. Шамкенов атындағы, А. Бөкейхан атындағы, М. Әлімбаев атындағы,           Ж. Ташенов атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы,  № 39, 15, 29, 5, 33, 2, 27, 41, 7, 18, 31, 46, 21, 26,  Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының ұйымдастырушыларының айтуынша, байқаудың іріктеу туры қатысушылардың ертегілерді білетіндігінің, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін фольклорлық өнермен танысуының дәлелі болды. Келешекте қатысушыларды қазақ халық мифтерін театрландыруда шығармашылық мүмкіндіктер күтеді.