Мүбарак Жаманбалинов атамыздың 100 жылдығына арналған мастер-кластар өткізіп, соңында ақынның шығармаларының иллюстрациялар көрмесін ұйымдастыру – балалар көркемсурет мектебінің жазғы бағдарламасының бір жобасы болып табылады. Бұл жобаға қаланың барлық жалпы орта білім беру мектептерінің жазғы мектеп жанындағы лагерлерінен 1600 оқушы қатысты. Балалар көркемсурет мектебінің педагогтерімен графика және кескіндеме бойынша сабақтарда қатысып, ақынның шығармаларын суреттеді: «Мода», «Дархан жер», «А дегенің Ана..», тағы басқалар.
Оқушылар өзіміздің жерде туып өскен, атақты жазушы, балалар ақыны Мүбарак Жаманбалиновтың өлеңдерін алдын ала жаттап келіп отырды, көрменің ашылу салтанатында да жатқа оқыды. Әсіресе, жақсы дайындалған 27, 7, 6, 26, 35, М. Әуезов, Б. Момышұлы, М. Жүсіп атындағы мектептердің тәрбиенушілері.
«Меніңше, бұл жобаның балалар үшін пайдасы зор, себебі, ақын туралы біледі, оның тез жатталатын, өмір туралы бала тілімен жазылған өлеңдерін оқиды, жаттайды, оқушылар тек жаттап қана қоймай, оны суреттейді, жақсы эмоционалды әсер алады, - дейді БКСМ басшысы Магзамова Ляйля Мұқарамқызы.
14 маусымда мектепте Мүбарак Жаманбалиновтың 100 - жылдығына арналған мастер-кластарда ЖОМ оқушылары салған сурет-иллюстрациялардың көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатына 19 және 7 ЖОМ оқушылары мен ұстаздары қатысты. Балалар М. Жаманбалиновтың өлеңдерін оқыды