Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қаланың 16 жалпы білім беретін мектебінің 5 - 10 сыныптың 20 оқушысының қатысуымен «Жұлдызыңды жақ» жүргізуші байқауын өткізді. Мақсаты - концерттік бағдарламаларды, мерекелер мен іс-шараларды жүргізумен айналысатын дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру.
Байқау шарттары бойынша қатысушылар өздері дайындаған мереке бағдарламасының мәтінін ұсынды. Импровизация мазмұны, мәнерлеп оқу, интонация, аудиториямен өзара әрекеттесуді ескерді.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды № 33 мектептің 9 сынып оқушысы Оразбекова Даяна иеленді. Ол Абайдың 175 жылдығына арналған сценарий дайындады. Сценарийде «Абай шығармасынан өлеңнің үзіндісін жалғастыру» ойынын өткізді, аудитория өкілдері өлеңдер, қара сөздер оқыды. Белсенді қатысушылар желімделген шоколадпен өз қолдарымен жасалған кәдесый карталарын алды.
ІІ орынды № 2 мектептің 9 сынып оқушылары Қанағатқызы Толғанай иеленді, қазылар алқасының мүшелеріне «Наурыз мейрамы» сценарийін ұсынды, Көкбай Жанатұлы «Дүтбайға» қолданды. Мордовец Данелия Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназиясы «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!» тақырыбына сценарий дайындады, - А. Кунанбаевтың «Жүрегім ойбай соқпа енді» өлеңін оқыды.
А. Кұнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, «Әз Наурыз» сценарийі үшін № 7 мектептің 9 сынып оқушысы Мұхтарова Тоғжан , № 31 мектептің оқушысы Абельдина Жасмин «Халықаралдық әйелдер күні» тақырыбына сценарий дайындады, А. Байтұрсынов атындағы мектептің оқушысы Тумаренко Аурика «Жыл басы - Наурыз» сценарийін ұсынып ІІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталды, қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.