
Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Педагогикалық дуэт – 2024» облыстық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысын шығарды. Байқау 2 турдан тұрды, 2024 жылғы 6-14 наурыз аралығында жас педагогтер мен олардың тәлімгерлері арасынан 25 педагогикалық дуэттің қатысуымен өтті. Мақсаты - тәлімгерліктің беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандарды қолдау, облыстың білім беру жүйесінде тәлімгерлік жұмыс тәжірибесін тарату.
Бірінші іріктеу турында 25 жас педагог «Менің педагог-тәлімгерім эссесін ұсынды, «Менің күткен мұғалімім» педагогикалық дуэтін таныстырды. Тур қорытындысы бойынша 9 педагог екінші турға өтті.
«Жас педагог - тәлімгер: кәсіби өсуге жол» атты екінші турда қатысушылар бейтаныс сыныптарда ашық сабақтар өткізді. Бұл Тогтамурат Асылжан Абайқызы, Малайсары батыр атындағы ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, қазақ тілі мұғалімдері: Өсербайұлы Серікжан, № 21 ЖОМ мұғалімі, Тұрдалы Дәмелі Ілескекызы, Б. Момышұлы атындағы мектептің мұғалімі, Байкенова Гүлназ Ермұратқызы, № 36 ЖОМ мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімдері: Әндер Еркежан Еркінқызы, № 24 ЖОМ мұғалімі, Резникова Камила Кенжебайқызы, № 18 ЖОМ мұғалімі, Исмагулова Аружан Айдарқызы, № 39 ЖОМ мұғалімі, Макенов Дәурен Айтуарұлы, Р. Нұртазина атындағы ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, Сүлеймен Жамиля Сабыржанқызы, М. Әуезов атындағы ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 5 педагог ие болды, 4 қатысушы лауреат атанды.
Бас жүлде иегері Сүлеймен Жамиля Сабыржанқызы, М. Әуезов атындағы ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі, тәлімгері Купесова Айымгүл Білгібайқызы.
I орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Тұрдалы Дәмелі Ілескекызы иеленді, тәлімгер Бекишева Қарлыға Серікқызы.
II орынды Р. Нұртазина атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Макенов Дәурен Айтуарұлы иеленді, тәлімгер Касимова Гүлмира Саясатқызы.
III орынды Өсербайұлы Серікжан, № 21 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі иеленді, тәлімгері Омарова Жұлдыз Мұхамедқайырқызы, Исмагулова Аружан Айдарқызы, № 39 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі, тәлімгері Жукова Татьяна Владимировна.
Байқау лауреаттары: Тогтамұрат Асылжан Абайқызы, Малайсары батыр атындағы ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, тәлімгері Шутурова Алмаш Саухатқызы, Байкенова Гүлназ Ермұратқызы, № 36 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі, тәлімгері Зайрова Альмира Мұхитқызы, ағылшын тілі мұғалімі Әндер Еркежан Ерсінқызы (№24 ЖОМ), тәлімгері Жүрсінова Айман Темірбайқызы, Резникова Камила Кенжебайқызы (№18 ЖОМ), тәлімгері Кучук Гүлнара Саматқызы.
Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері мен лауреаттары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен, сертификаттарымен марапатталады. 18 наурыз бен 25 сәуір аралығында 5 педагогикалық дуэт, қалалық турдың жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.