
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 10 қыркүйек күні Отбасылық күніне орай «Менің отбасым-менің тірегім» атты спорттық-зияткерлік конкурс өткізілді.
Конкурсқа Павлодар қаласының №2, 6, 7, 11, 15, 16,18, 27, 29,30, 33,35, 39, 40, 43,47,48, М.Әуезов, Қ.Бекқожин, К.Мақпалеев, М.Жүсіп, А.Шамкенов, А.Байтұрсынұлы, Жетекші, М.Әлімбаев, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің отбасылары қатысты.
Конкурс барысында қатысушылар түрлі қызықты тапсырмалар мен белгіленген 5 бекеттерден өтіп, шапшаңдық, ептілік, тапқырлық және командалық бірліктерін көрсетті.
Ойынның қорытындысы бойынша: I дәрежелі дипломмен – 1, II дәрежелі дипломмен – 5, III дәрежелі дипломмен – 6 командалар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды. Іс-шараға қатысқан командаларға номинациялар берілді.
Аталған іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосты.