«Абай – адамзаттың қазынасы»

«Абай – адамзаттың қазынасы»

10 тамыз күні Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінде Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – адамзаттың қазынасы» атты көркемсөз оқу байқауы өтті. Қатысушылар Абай шығармаларын түрлі тілдерде мәнерлеп оқып, ән айтып, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Іс-шара ұлы ақын мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани қазына екенін тағы бір мәрте айқындады.