Шілде айының басында Баянауылдың көркем табиғатында жаяу және велосипед туризмі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті

Шілде айының басында Баянауылдың көркем табиғатында жаяу және велосипед туризмі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті

 

Жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Жетісу облысының командалары қатысты. Павлодар облысының намысын қорғаған тәрбиеленушілеріміз «Жасөспірімдер» және «Жасөспірімдер (юниорлар)» жас санаттарында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы:
Жаяу туризм (жасөспірімдер) – жалпыкомандалық есепте І орын;
Велосипед туризмі (жасөспірімдер) – жалпыкомандалық есепте ІІ орын;
Жаяу туризм (юниорлар) – жалпыкомандалық есепте ІІ орын;
Велосипед туризмі (юниорлар) жалпыкомандалық есепте ІІІ орын.

Сонымен қатар, спортшыларымыз «Байлам», «Өткелден өту», «Кросс-жорық», «Кедергілер жолағы», «Фигуралық жүргізу» және «Триал» кезеңдерінде көптеген жүлделі орындарға ие болды.

Барлық қатысушыларды жарқын жеңістерімен және жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!

Командаларды жоғары деңгейде дайындаған жетекшілер – И.В. Ридзаускене, В.Ю. Ридзаускас және С.Н. Агалаков жарыс ұйымдастырушыларының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!