
«Адал азамат» тәрбие беру бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында №47 жалпы орта білім беру мектебінде Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара өтті. Оған №47 мектеп пен К. Мақпалеев атындағы мектептің оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар викторинаға қатысып, ұлттық музыкалық аспап – домбыраның тарихымен танысты. Сонымен қатар мата, киіз және ағаштан жасалған шығармашылық жұмыстар көрмесін ұсынып, тақырыптық қабырға газетін әзірледі.
Іс-шараның мақсаты – шығармашылық қызмет арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыру.