«Сарыарқа жұлдыздары»: Павлодардың дарынды оқушылары ұлықталды

«Сарыарқа жұлдыздары»: Павлодардың дарынды оқушылары ұлықталды

2026 жылғы 26 маусымда «Достық үйінде» Павлодар қаласының дарынды оқушыларын ұлықтауға арналған дәстүрлі жыл сайынғы «Сарыарқа жұлдыздары» іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары және жүлдегерлері атанған 42 оқушының жетістіктері жоғары бағаланды.
Оқушылардың жетістіктерін бағалау мақсатында оларға Алғыс хаттар мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, жас дарындардың табысқа жетуіне зор үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналар да әкімнің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Жас жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға жаңа жеңістер, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!