
22 маусым күні С. Торайғыров атындағы мектепте мектеп жанындағы лагерьдің II маусымының салтанатты ашылуы өтті. Тәрбиеленушілер үшін интерактивті алаңдар, флешмоб, қимылды ойындар мен көңілді ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.
Ашылу барысында балаларға лагерьдегі қауіпсіздік және тәртіп ережелері еске салынды. Жаңа маусым достық пен көтеріңкі көңіл-күй атмосферасында басталып, балаларға жарқын эмоциялар, жаңа достар тауып, жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік сыйлады.