«Абайды оқы, ерінбе» конкурсы

«Абайды оқы, ерінбе» конкурсы

📌Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылдың 2 маусым күні жазғы кешенді жобасы аясында 2-4 сынып оқушылары арасында «Абайды оқы, ерінбе» конкурсын өткізді. Қаланың 30 жалпы білім беретін мектебінен 2-4 сыныптың 34 оқушысы қатысты. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауының қорытындысы бойынша 30 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде: I орын – 2, II орын – 10, III орын – 18.
І орынды 4 сынып оқушылары: № 43 мектептің - Руль Елизавета, № 38 мектептің - Хавалхан Нұрислам, Қ.Бекқожин атындағы мектептің - Ақылбек Дарын және Кенжекөл мектебінің 3 сынып оқушысы Сагиев Хасан иеленді. ІІ дәрежелі дипломдармен № 2, 6, 18, 21,25, 35 (2), 48, Мәшһүр Жүсіп атындағы, Жетекші мектептерінің оқушылары марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломдармен: Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі, № 7, 26, 27, 29, 30, 31, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенев атындағы мектептердің оқушылары марапатталды.
Оқушылар ұлы Абайдың шығармаларын оқып, қанатты сөздерін білетіндерін көрсетті.