
📌Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында облыстық Жас жол инспекторлары жасақтарының слеті өтті. Іс-шараны Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Павлодар қаласының Полиция департаменті ұйымдастырды. Слетке облыстың қала және аудандарынан 12 команда қатысып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Павлодар қаласының намысын Қ.Бекхожин атындағы мектептің командасы қорғады. Жетекшісі – Акимжанова А.К. Бағдарламаға 9 байқау кезеңі енгізіліп, қорытынды бойынша Павлодар қаласының командасы ІІІ орын иеленді. Осындай іс-шаралар оқушылардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.