
2026 жылғы 10–11 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстанның ең мықты мектеп командаларын біріктірген «ALZHAN» мектеп баскетбол лигасының Суперфиналы өтті.
Павлодар облысының намысын 5–6 сынып қыздары санатында С. Торайғыров атындағы мектептің командасы лайықты қорғады: Софья Чупина, Вероника Голохвастова, Варвара Чурсина, Арина Пономарёва, Айлана Набиева, Влада Мянд, Русалина Пугоева, Василина Петриди, Евгения Богаченко және Ариянна Сатиева.
Жаттықтырушы Людмила Викторовна Терехованың жетекшілігімен команда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша құрметті ІІІ орынды иеленді.
Жас спортшыларды лайықты қола жүлделерімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!