Павлодарда инклюзивті білім беру бойынша «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды

Павлодарда инклюзивті білім беру бойынша «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды

2026 жылғы 25 сәуірде инклюзивті және арнайы білім беру бойынша «Үздік оқу-әдістемелік құрал» облыстық байқауының қалалық кезеңі аяқталды. Байқау бағыттары бойынша қорытындылар:

«Сабақтың білім беру ортасы» бағыты бойынша ІІ орын - Сапиева Акмарал Муратовна, орыс тілі пәні мұғалімі, «№ 25 ЖОББМ» КММ; ІІІ орын – Мыкымова Айгуль Бакитовна, химия пәні мұғалімі, «№ 15 ЖОББМ» КММ; Дударева Анжелика Дмитревна, география пәні мұғалімі, «М. Ауэзов атындағы ЖОББМ» КММ.

«Түзету-дамытушылық оқыту» бағыты бойынша ІІ орын – Сарымова Дария Талгатовна, педагог-логопед, «Жетекші ЖОББМ» КММ.

«Психологиялық-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер» бағыты бойынша ІІ орын - Евлоева Юлия Викторовна, дене шынықтыру пәнінің инструкторы, «№27 сәбилер бақшасы-Дамыту орталығы» КМҚК.

«Білім тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» бағыты бойынша ІІ орын - Джусупова Айгуль Жылкыбаевна, педагог-логопед, дефектолог, «№6 ЖОББМ» КММ; ІІІ орын - Мусагожинова Гульнар Мутушевна, әлеуметтік педагог, «№ 30 ЖОББМ» КММ.