
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Абай ұлттық мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп 2026 жылдың 22-23 сәуір аралығында Алматы қаласының 9-11 сынып оқушылары арасында VIII «Абайтану» олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.
Зияткерлік сайыста қатысушылар Абай шығармашылығын терең меңгеру деңгейін көрсетіп, эссе жазу мен көркем мәтінді талдау бойынша білімдерін тексерді.
Павлодар облысынан іс-шараға 6 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының 1 оқушысы - қалалық, облыстық кезеңінің «Абайтану» олимпиадасының жеңімпазы: Хуаныш Мұнара, № 38 мектептің 11 сынып оқушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша Мұнара қола медаль мен ІІІ дәрежелі дипломына ие болды. Жеңісің құтты болсын!