
2026 жылғы 7 сәуірде Павлодар қаласының №41 жалпы орта білім беру мектебінде спорт және акт залдарында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Мен таңдаған жол» атты ашық денсаулық сабағы өтті. Іс-шара мотивациялық кездесу форматында ұйымдастырылып, оған арнайы шақырылған қонақ — Кёльн, Томск, Новосибирск және Астана қалаларындағы халықаралық жарыстардың жеңімпазы, 63 марафонды еңсерген марафоншы Александр Таранченко қатысты.
Кездесу барысында спикер жеке тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жету мен белсенді өмір салтын сақтауда тәртіптің, ерік-жігердің және тұрақты жаттығудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар салауатты өмір салты туралы пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, #МенТаңдағанЖол республикалық челленджіне қосылды.
Ашық сабақ оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және денсаулықтың — күнделікті таңдау екенін түсінуге бағытталған тиімді алаңға айналды.