
20–23 наурыз күндері Қазақ технология және бизнес университетінің спорт кешенінде Наурыз мерекесіне орай жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті. Қазақстанның әр өңірінен 46 команда, 468 спортшы қатысты. Қатысушылар қатарында «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Сауран» бөлімінің тәрбиеленушілері де болды, олар өз ұжымының намысын абыроймен қорғап, шеберліктерін көрсетті.
51 келі салмақ дәрежесінде Баймұрат Сұлтан жеңімпаз атанды. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, қарсыластарынан айқын басым түсті. Күміс жүлдені Мангутов Әділхан иеленді, ол да төрт кездесу өткізіп, финалда 1:2 есебімен есе жіберді. Қола жүлдегер Марат Санжар екі жекпе-жекте сенімді өнер көрсетті. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, төрешілік әділ өтті. Барлық қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетіп, бағалы жарыс тәжірибесін жинақтап, спорттық дамуда маңызды қадам жасады. Жаттықтырушысы – Жәменкенов Ертай Хайруллинұлы.