«Әбіш оқулары – 2026»: облыстық кезең жеңімпаздары анықталды

«Әбіш оқулары – 2026»: облыстық кезең жеңімпаздары анықталды

2026 жылғы 18 наурызда көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат базасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен 8–11 сыныптың 100 оқушысы қатысты. Павлодар қаласынан №17, 25, 29, 33, 41, 47 мектептерінің 10 оқушысы қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды.

Нәтижесінде «Иллюстрациялық сурет» бағыты бойынша №41 мектептің 11 сынып оқушысы Қуанышқызы Аяулым ІІ орын, №17 мектептің 8 сынып оқушысы Мелещенко Дарья ІІІ орын алды. «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша №29 мектептің 10 сынып оқушысы Хамитен Сабина ІІІ орын иеленді. «Шығармашылық жұмыс» бағытында №33 мектептің 11 сынып оқушысы Абельдинова Жасмин ІІІ орын алды. «Сахналық қойылым» бағыты бойынша №25 мектеп командасы ІІ орынға ие болды. «Ақындар мүшайрасы» бағыты бойынша №47 мектептің 10 сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір ІІ орын иеленді. Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.