«Наурыз Fest»: дәстүр мен заманауи үрдіс тоғысқан мереке

«Наурыз Fest»: дәстүр мен заманауи үрдіс тоғысқан мереке

№11 ЖОББМ-інде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған шағынаудандық «Наурыз Fest» фестивалі өтті. Іс-шара «Дәстүр және заманауи тренд» тақырыбын айшықтап, №2 және №7 мектептердің оқушылары мен ұстаздарын бір шаңырақ астына жинады.

Мерекелік фестивальдің басты мақсаты – жас буынды ұлттық құндылықтарға баулу, Наурыздың мәнін терең түсіндіру және дәстүр мен заманауи стильдің сабақтастығын көрсету.

Айрықша назар практикалық шеберлік сыныптарына аударылды. Оқушылар қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген заманауи шаш қыстырғыштарын жасап, ұлттық мәдениеттің күнделікті өмірде жалғасын табуына үлес қосты.

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы. Дәстүр мен заманауи үрдіс тоғысқан фестиваль осы идеяны терең аша түсті.