Павлодар педагогтері республикалық байқауда жоғары кәсібилігін көрсетті

Павлодар педагогтері республикалық байқауда жоғары кәсібилігін көрсетті

«Дарынды балаға талантты ұстаз» республикалық байқауында Павлодар қаласының педагогтері жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, III дәрежелі дипломдармен марапатталды:

– Меруерт Жексембаева, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның математика пәні мұғалімі;
– Нұрсұлтан Ахылбек, «М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ физика пәні мұғалімі;
– Фатиха Жұматай, №35 орта мектептің тәлімгері;
– Зейнеп Мұхамеджан, №2 орта мектептің физика пәні мұғалімі.

Бұл жетістіктер павлодарлық педагогтердің жоғары кәсібилігін және қаланың дарынды әрі талантты оқушыларын дамытуға қосқан үлесін айқындайды.