«Зерде» республикалық конкурсында І орын иегері

«Зерде» республикалық конкурсында І орын иегері

Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2026 жылғы 20–23 ақпан аралығында 2–7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушысы Жанатаева Раяна 1 орынға ие болды. Ирбис телеканалына шақырылып, жетекшісімен бірге сұхбат беріп келді.