Павлодарлық оқушылар сыни тұрғыдан ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Павлодарлық оқушылар сыни тұрғыдан ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

2026 жылдың 16 ақпанында онлайн-платформада сыни тұрғыдан ойлау және философия бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты - сыни, ізденімпаз және шығармашылық ойлауды дамыту.
Олимпиадаға Республика бойынша 9-11 сыныптың 108 оқушысы қатысты, оның ішінде облыстық кезеңнің 2 жеңімпазы Павлодар қаласынан - – № 33 мектептің 9 сынып оқушысы Өндіріс Айсана және Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Паламарчук Данелия.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Айсана мен Данелия ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін лайықты табыстарымен құттықтаймыз!