Жаратылыстану-математика бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы

Жаратылыстану-математика бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы

2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Конкурс халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында келесі секциялар бойынша өткізілді: физика, техника, Жер және ғарыш, математика, қолданбалы математика, химия, биология және қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциялары.

Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен 623 жоба ұсынған 463 оқушы қатысты. Павлодар қаласынан 6 оқушы-облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. ​Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша №11 мектептің 9-сынып оқушысы Фесик Кирилл («Физика» секциясы) қола медальға ие болып және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.