«Altyn Sapa» жобасы аясындағы педагогикалық шеберліктің қалалық конкурсы

«Altyn Sapa» жобасы аясындағы педагогикалық шеберліктің қалалық конкурсы

2026 жылғы 20 ақпанда №7 жалпы орта білім беру мектебі базасында «Altyn Sapa» жобасы аясындағы педагогикалық шеберліктің қалалық конкурсының бетпе-бет қорғау кезеңі өтті.

Байқауға қаланың 27 мектебінен 56 педагог қатысты. Қатысушылар үш бағыт бойынша авторлық жұмыстарын ұсынды: шығармашылықта жасанды интеллектіні қолдану, визуалды шығармашылық, дыбыстық және мультимедиялық шығармашылық. Жұмыстарды әдіскерлер мен тәжірибелі педагогтерден құралған құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Шығармашылықта жасанды интеллектіні қолдану» бағыты:
I орын — Айбекқызы Ақерке (№7 ЖОББМ);
II орын — Балтажан Толғанай (Ж. Тәшенев атындағы ЖОББМ);
III орын — Тулепбергенова Айгуль Ержановна (№5 ЖОББМ), Киселева Людмила Сергеевна (№40 ЖОББМ).

«Визуалды шығармашылық» бағыты:
I орын — Кинжибаева Салтанат Николаевна (№47 ЖОББМ);
II орын — Оқан Нұрхат Жанатұлы (Кенжекөл ЖОББМ), Юсупова Зарина Кадырбаевна (Шапық Шөкин атындағы гимназия-мектебі);
III орын — Нақышпан Дархан Оразәліұлы (Қ. Мақпалеев атындағы ЖОББМ), Акмаганбетов Нурлыбек Оразбекович (№47 ЖОББМ), Утугунова Алданыш Есенгельдиновна (№32 негізгі ЖББМ).

«Дыбыстық және мультимедиялық шығармашылық» бағыты:
I орын — Толеухан Бахытгул (Ж. Тәшенев атындағы ЖОББМ);
II орын — Уалиева Гульнар Тельмановна (№21 ЖОББМ);
III орын — Бурлакова Наталья Яковлевна (А. Шамкенов атындағы ЖОББМ), Кайниденова Куралай Ерболатовна (№46 ЖОББМ).