2026 жылғы 2 ақпан күні «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиаданың
қалалық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері
ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.
Олимпиадаға қаланың екі жеке меншік мектебі «Академия успеха», «Детвора» және
45 жалпы білім беретін мектептен 216 оқушысы қатысты. Олимпиадаға қатысуға мемлекеттік
және орыс тілдерінде оқитын 2, 3 және 4 сынып оқушылары шақырылды.
Олимпиада екі турда өтті: І іріктеу – жазбаша түрде; ІІ - ауызша. Іріктеу турында жалпы ұпай санының 70%-дан астамын жинаған оқушылар ІІ-ші ауызша турға қатысуға жіберіледі. ІІ турдың міндеттерін шешу қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылады.