Заң мен ар-ождан: мектепішілік дебаттық турнир

Заң мен ар-ождан: мектепішілік дебаттық турнир

27 қаңтар күні №41 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы және «Заң мен тәртіп» айлығы аясында «Заң маңызды ма, әлде ар-ождан ба?» тақырыбында мектепішілік дебаттық турнир өтеді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, дәлелді сөйлеу дағдыларын жетілдіру, заң нормаларын құрметтеуге және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Дебаттық турнирге мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысып, ұсынылған тақырып бойынша қарама-қарсы көзқарастарын ортаға салады. Пікірсайыс барысында қатысушылар заң талаптары мен моральдық ұстанымдардың қоғамдағы рөлі туралы өз ойларын дәлелдермен негіздеп, өмірлік және әлеуметтік мысалдар келтіреді.
Турнир аясында:
* заң мен ар-ожданның арақатынасы талқыланады;
* әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талдау дағдылары қалыптасады;
* көпшілік алдында сөйлеу, логикалық ойлау және командалық жұмыс қабілеттері дамиды;
* оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған пікір алмасу алаңы құрылады.