Инклюзивті білім беруді іс жүзінде жүзеге асыру

Инклюзивті білім беруді іс жүзінде жүзеге асыру


2026 жылғы 27 қаңтарда Павлодар қаласының №17 ЖОББСОБ мектебінде «Инклюзивті білім беру ортасында жеке тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беруді әр бала үшін тиімді әрі қолжетімді ету! Іс-шараға қала мектептерінің директор орынбасарлары, логопедтер және педагог-психолог мамандары қатысты.

Семинар Павлодар қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (ПМПК) КММ мен білім беру бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, қазіргі заманғы тәсілдер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін талқылауға арналған тамаша алаң болды.

Қатысушылар маңызды мәселелерді қарастырды:
✔️ білім беру процесіндегі дефектолог мұғалімнің рөлі
✔️ мінез-құлық бұзылыстары бар балалармен жұмыс ерекшеліктері
✔️ инклюзия қағидаттары
✔️ арнайы және түзету технологиялары.