Жасанды интеллект және жас өнертапқыштар: Павлодардағы «Smartbala» байқауы

Жасанды интеллект және жас өнертапқыштар: Павлодардағы «Smartbala» байқауы

Павлодар қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Smartbala» республикалық жобасы аясында «Жасанды интеллект» бағыты бойынша «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы өтті.

Байқауды мектептің информатика және есептеу техникасы пәні мұғалімдері ұйымдастырды. Оған 9–11 сынып оқушылары қатысып, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып әзірленген бейнероликтерін ұсынды. Қатысушылар цифрлық дағдыларын, креативті ойлауын және өз идеяларын жүзеге асырудағы ЖИ мүмкіндіктерін көрсетті.

Бейнероликтер қоғамдағы өзекті мәселелерге арналды. Жұмыстарды педагогтерден құралған қазылар алқасы бағалап, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде І орын — 11 «Б» сыныбына, ІІ орын — 11 «Г» сыныбына берілді. ІІІ орынға 10 «А» және 9 «В» сынып оқушылары ие болды.