
«SMART BALA» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы 5-6 сынып оқушылары арасында өтті.
Байқау мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, инженерлік ойлау мен жаңа технологияларға қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар тұрмыста қолдануға болатын шағын құрылғыларды ойлап тауып, макет, сурет немесе видео түрінде өз жобаларын ұсынды.
Жеңімпаздар ІІІ дәрежелі дипломмен Жастлек Арлан, Жұмағали Ансар "Құстарға арналған үйшік", Айдарбек Малика "Жемсалғыш", ІІ дәрежелі дипломмен Каербекова Каусар "Кітапқа арналған қыстырғыш жасау", І дәрежелі дипломмен Қантай Айзада, Аубакирова Амина "Өсімдіктің ақылды көмекшісі"жобаларын қорғап, марапатталды