
Жасанды бедердегі спорттық туризмнен «Туристік көпсайыс» бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатының қорытындылары.
▪️2026 жылғы 3–7 қаңтар аралығында Алматы қаласында, Қазақ спорт және туризм академиясының спорт залында жасанды рельефтегі спорттық туризмнен «туристік көпсайыс» бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
▪️Аталған жарыс Қазақстан Республикасының спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы мен Алматы облысының спорттық туризм федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар барлық жас санаттарында жоғары нәтижелер көрсетіп, команданың абыройын лайықты түрде қорғады.
📌«Жасөспірімдер» жас санаты
▪️Жеке қашықтықта I орын — Бартель Давид, II орын — Чубенко Мария. Жеке қашықтықтың жалпы есебінде команда III орын алды.
▪️Байламдар қашықтығында аралас байламдарда II орынды Ридзаускас Алексей мен Чубенко Мария, ерлер байламдарында III орынды Бартель Давид пен Шпрингер Ярослав иеленді. ▪️«Байламдар» қашықтығының қорытындысы бойынша команда II орын алды. Командалық қашықтықта команда II орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды. Барлық қашықтықтардың қорытындысы бойынша жасөспірімдер командасы жалпы командалық есепте II орын алды. ▪️Команда құрамы: Шпрингер Ярослав, Бартель Давид, Чубенко Мария, Ридзаускас Алексей, Арнэ Елена, Бородихин Евгений.
▪️«Юниорлар» жас санаты Жеке қашықтықта I орын — Вишенкова Анна, II орын — Булатова Азиза. Жеке қашықтық қорытындысы бойынша команда III орын алды. «Байламдар» қашықтығында команда III орын, ал командалық қашықтықта II орын иеленді.
▪️Жалпы командалық есепте юниорлар құрамасы III орын алды.
▪️Команда құрамы: Булатова Азиза, Вишенкова Анна, Фисак Даниил, Ридзаускайте Валерия, Бородихин Александр, Зайнулин Сергей.
▪️«Ересектер» жас санаты Жеке қашықтықта I орын — Васильева Анастасия, бұл нәтиже командаға жеке қашықтықтың жалпы есебінде I орынды қамтамасыз етті.
▪️Байламдар қашықтығында аралас байламдарда II орынды Идрисов Амир мен Васильева Анастасия, ерлер байламдарында II орынды Сидоренко Михаил мен Горнунг Данил иеленді. ▪️«Байламдар» қашықтығының қорытындысы бойынша команда II орын алды. Командалық қашықтықта спортшылар III орын, ал жалпы командалық есепте II орын иеленді.
▪️Команда құрамы: Сидоренко Михаил, Васильева Анастасия, Идрисов Амир, Идрисов Елнур, Горнунг Данил.
▪️Чемпионат қорытындысы бойынша жаттықтырушылар Алматы облысының спорттық туризм федерациясының алғыс хаттарымен марапатталды.
▪️Сондай-ақ Владислав Ридзаускас пен Сергей Агалаков жарыстарда төрешілік қызмет атқарғандарын растайтын төрешілік туралы анықтамалар алды.