
8-9 қаңтар Алматы қаласында ҚР оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» - 2026». конкурсының республикалық кезеңі өтті.
Павлодар қаласының №39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі география пәні мұғалімі Жумабаева Асия Камалиденовна қатысып 2 орын жеңімпазы атанды.
Жумабаева Асия Камалиденовна - «Педагог-шебер» мәртебесіне ие талантты әрі шабыттандыратын педагог. География пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы, 2014 жылдың «Үздік педагог»байқауының жеңімпазы, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, республикалық шығармашылық топтардың мүшесі. Оқушылары – география пәні бойынша республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.