Павлодар қаласының командасы «Ең үздік қалалық олимпиадалық команда – 2026» атанды

Павлодар қаласының командасы «Ең үздік қалалық олимпиадалық команда – 2026» атанды

«Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сыныптарының 700 - ден астам оқушыларының қатысуымен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың үш күндік облыстық олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Үздік болу құқығы үшін Павлодар қаласындағы 23 жалпы білім беретін мектептің 67 оқушысы жарысқа түсті.
​Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар 41 жүлделі орынға ие болып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді: I дәрежелі дипломдармен 9 адам, II дәрежелі - 12, III дәрежелі - 20 адам марапатталды.
I дәрежелі дипломдармен №17, 39 (2), 2, 29, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы (2), Ш.Шөкин атындағы мектеп оқушылары марапатталды және 2026 жылдың наурыз айында республикалық олимпиаданың қорытынды турына қатысу құқығын алды.
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде оқуға арналған білім беру гранттары: Леонтьева София, А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицей, Осевич Виктор, №17 мектеп және Нығметқызы Зайни, №2 мектептің - 11 сынып оқушылары ие болды.
Сәтті өнер көрсету нәтижесі бойынша Павлодар қаласының командасы облыс қалалары арасында «Ең үздік қалалық олимпиадалық команда – 2026» атағын жеңіп алып, өзінің жоғары деңгейін тағы да растады.