Павлодарда әлеуметтік осал аналарға арналған «Әйдидай» әлеуметтік жобасы басталды

Павлодарда әлеуметтік осал аналарға арналған «Әйдидай» әлеуметтік жобасы басталды

Павлодарда «Жігер» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының бастамасымен «Әйдидай» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба әлеуметтік осал топтағы аналарға (жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар және т.б.) арналған. Қазіргі таңда жобаға 40 адам қатысуда. Жоба төрт бағыт бойынша оқыту курстарын қамтиды:
кондитерлік шеберлік, тігін және пішу, ұлттық әшекей бұйымдар жасау, гипстен бұйымдар дайындау. Бүгін №15 орта мектеп базасында кондитерлік шеберлік курсының алғашқы сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы — «Кіріспе. Шифон бисквитін дайындау». Жобаның мақсаты — әлеуметтік осал санаттағы аналардың шығармашылыө қабілеттерін жүзеге асыруына және қосымша табыс табуға қажетті практикалық дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беру. 
Тәжірибелік сабақтар бір ай бойы аптасына бір рет өткізіледі. Курстар аяқталған соң көрмелер, дефиле, дәм тату іс-шаралары ұйымдастырылып, қатысушыларға сертификаттар табысталады. Әлеуметтік жоба екі ай бойы жүргізіледі.