
2026 жылғы 5–6 қаңтарда 2014–2015 және 2016–2017 жылы туған командалар арасында «Alash Cup» атты екі күндік облыстық турнир өтті. Жарысқа Жетекші жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша 2016–2017 жылы туған команда Железин ауданының және Ақсу қаласының БЖСМ құрамаларын басып озып, жалпыкомандалық есепте I орынды иеленді.
Ал 2014–2015 жылы туған команда Павлодар қаласындағы «Атлетик» командасына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Жеке номинациялар бойынша да мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетті:
Жақсыбеков Ризабек турнирдің үздік ойыншысы деп танылса,
Деринг Герман «Көрермендер көзайымы» жүлдесіне ие болды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кулатаев Тимур Амангелдіұлы «Турнирдің үздік жаттықтырушысы» номинациясымен марапатталды.