
2025 жылдың қаңтарында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті мектепке дейінгі білім берудегі заманауи әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа ресурсына айналған «Педагогикалық еріктілік» атты жаңа жобаны іске қосты. Педагогикалық волонтерлік процесті тиімді ұйымдастыру Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының, Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттерінің, қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің мұғалімдерінің ынтымақтастығымен қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылдың 5 қантарында қорытынды шарада қатысушылар өздерінің үздік волонтерлік бастамаларын, сәтті істерін, әлеуметтік науқандарын, әдістемелік әзірлемелерін, балалар мен отбасыларды қолдауға арналған жобаларын ұсынды. Әрбір команда білім беру қауымдастығының өзара көмек мәдениеті мен азаматтық белсенділікті дамытуға қосқан үлесін көрсететін нақты нәтижелер көрсетті.