
Павлодар қаласында «Заман. Талап. Тренд» қалалық жобасы аясында білім алушылардың оқу олқылықтарын толықтыруға және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған педагогтерге арналған қысқы каникулдық мектеп өтті. Іс-шара тиімді әдістемелер мен заманауи педагогикалық шешімдермен тәжірибе алмасуға арналған практикалық алаңға айналды.
Мектеп барысында педагогтер оқытудың белсенді формаларын, цифрлық құралдарды және ББЖМ, PISA, ҰБТ форматындағы тапсырмалармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеріп, сонымен қатар жас мамандарды қоса алғанда, кәсіби өсу мәселелерін талқылады. Жоба оқыту сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби сенімділігін нығайтуға ықпал етті.