
2026 жылғы 6 қаңтарда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының жұмыс жоспары аясында «Бес ғажайып сәт – 2026» жобасының екінші кезеңі — «Қыран елім – Қазақстаным» байқауы өтті. Байқауға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10-сынып оқушылары қатысты.
Алғашқы кезең — «Жас кәсіпкерлер: бизнес-идеялар» турына 26 команда қатысып, іріктеу қорытындысы бойынша 4 команда жобадан шығып қалды, ал 22 команда екінші кезеңге жолдама алды.
Байқаудың негізгі мақсаты — қыз балалардың бастапқы әскери дайындыққа деген танымдық қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ Отан тарихына және оның қаһармандарына құрметпен қарауды тәрбиелеу.