Павлодарлық жас боксшылар Астанада өткен Республикалық турнирде жүлделі орындарға ие болды

Павлодарлық жас боксшылар Астанада өткен Республикалық турнирде жүлделі орындарға ие болды

12–16 желтоқсан 2025 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жасөспірімдер арасындағы ашық Республикалық бокс турнирі өтті. Турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Челябі қаласынан, Якутск қаласынан (Якутия) және Қырғызстаннан келген 200-ден астам жас боксшы қатысты.

Павлодар облысының намысын қорғап, жарысқа «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығынан 4 боксшы, Бокс федерациясынан 1 боксшы, «Гренада» ДМК-дан 4 боксшы және Баянауыл ауданынан 1 боксшы қатысты.

Турнир жеңімпаздары кубоктармен және алтын медальдармен марапатталды.
Алтын жүлдені иеленгендер:
– Оразбай Азамат («Жігер») 🥇
– Смаилов Рамазан (БФ) 🥇

Қола жүлдені иеленгендер:
– Ертай Нұртай («Жігер») 🥉
– Марат Санжар (Мұса Шорман ауылы, Баянауыл ауданы) 🥉