Экибастүзде өткен облыстық чемпионатта «СЮТур» командасы жеңіске жетті

Экибастүзде өткен облыстық чемпионатта «СЮТур» командасы жеңіске жетті
14–15 желтоқсан күндері Екібастұз қаласында туристік көпсайысы (тау туризмі) бойынша Павлодар облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Р.А. Кенжин жетекшілік ететін «СЮТур» БАК «Искра» командасы қатысты. Команда «жеке» және «байламдар» қашықтықтарында жоғары нәтиже көрсетіп, 10 🥇, 18 🥈 және 10 🥉 медальдарын  жеңіп алды.
 
Жалпы командалық есепте командалар кубоктармен марапатталды:
•2011–2013 ж.т. жасөспірімдер —  I орын;
•жасөспірімдер, Б сыныбы —  II орын;
•2014–2015 ж.т. жеткіншектер, А сыныбы —  II орын;
•2014–2015 ж.т. жеткіншектер, Б сыныбы —  II орын.
 
Чемпионатқа қатысушылар Павлодар облысы Спорт басқармасының медальдары мен мадақтамаларымен марапатталды.
 
Команданы құттықтай отырып, алдағы уақытта зор жетістіктер тілейміз!