Бүгін №7 орта мектепте тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларының жұмыс кеңесі өтті. Жиында мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Қатысушылар тәрбие саласындағы қызметті реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны және оны тәжірибеде қолдану тетіктерін жан-жақты талқылады. «Адал азамат» бағдарламасын енгізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл жоба оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, адалдық пен этикалық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Директор орынбасарлары тәжірибе алмасып, өзекті міндеттерді айқындап, бағдарламаны оқу орындарында жүзеге асырудың алдағы қадамдарын белгіледі.
