
Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп сапалы білім беруді басты мақсат етіп, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап келеді. Бірінші тоқсанда білім сапасы 48% болып, 111 үздік және 369 екпінді оқушы шықты. Мектепте «Білімді Бала» жобасы, практикалық білім беру зертханасы, түрлі үйірмелер мен секциялар табысты жұмыс істеуде. Ата-аналармен ынтымақтастық нығайып, әр оқушының жетістігі тұрақты бақылануда. Бірлік пен ұжымдық еңбек арқылы білім сапасын одан әрі арттыруға сенімдім.