Саналы таңдау – пайдалы тамақтанудан басталады

Саналы таңдау – пайдалы тамақтанудан басталады

№43 мектепте «Қантсыз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында оқушылардың дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар шаралар өткізілді. Мектеп асханасының қызметкерлері шеберлік сағаттарын ұйымдастырды, тақырыптық сынып сағаттары өтті, сондай-ақ оқушылар, педагогтар мен ата-аналар кеңінен тартылды.

Бұдан бөлек, тәтті сусындарсыз апта өткізіліп, теңгерімді тамақтанудың пайдасы туралы түсінікті арттыруға бағытталған акциялар мен челлендждер бастамашылық етілді. Жоба білім беру үдерісіне қатысушылар арасында саналы таңдауды қалыптастыруға әрі оны нығайтуға өз үлесін қоса отырып, дамуын жалғастыруда.