Павлодардың білім беру бөлімі мен «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық жөнінде меморандум жасасты

Павлодардың білім беру бөлімі мен «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық жөнінде меморандум жасасты

2025 жылғы 3 желтоқсанда Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат балалардың тәрбиесі мен білім беру саласындағы серіктестік бастамаларды дамытуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және саналы ата-аналық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Тараптар бірлескен білім беру және әлеуметтік жобаларды, ғылыми-зерттеу бастамаларын, сондай-ақ форумдар, семинарлар және өзге де іс-шараларды өткізуге келісті. Меморандумда консультациялық, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, материалдармен алмасу және бірлескен жұмыс топтарын құру қарастырылған. Құжат қаржылық міндеттемелерді қамтымайды және тараптардың бірі ынтымақтастықты тоқтату туралы жазбаша хабарлама бергенге дейін күшінде болады.