
2025 жылы қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры, аңыз қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толады. Осыған орай оның ерлігін, тұлғалық болмысын, әскери және әдеби мұрасын бүгінгі ұрпаққа кеңінен таныту мақсатында Б.Момышұлы атындағы ЖОББ мектебінің оқушыларының қатысумен арнайы танымдық видео түсірілді .
Бейнематериалда батырдың өмір жолы, Ұлы Отан соғысындағы қаһармандығы, стратегиялық шеберлігі мен әскери таңдамығы жан-жақты баяндалады. Сондай-ақ, Момышұлының тәрбие, патриотизм, ар-намыс жөніндегі тағылымды ойлары мен бүгінгі күнге дейін маңызын жоймаған өсиеттері көрерменге әсерлі форматта ұсынылады.