
Павлодар қаласында 26 қараша мен 3 желтоқсан аралығында «2025 жылғы Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы – Аймақтық дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығы. Шараның мақсаты – мамандық беделін арттыру, тиімді тәжірибені тарату және мектепке дейінгі дене тәрбиесіндегі инновацияларды қолдау.
Қатысушылар – Павлодар қаласының балабақшаларынан келген алты дене шынықтыру нұсқаушысы – шығармашылық таныстырылымдар мен спорттық-сауықтыру жобаларын ұсынып, балалармен жұмыс істеудегі заманауи тәсілдері мен жетістіктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға Любовь Карпеченко (№104 балабақша), екінші орынға Лилия Кириллова (№72), үшінші орынға Гүлнұр Рүстемова (№42) ие болды. Номинациялар бойынша жеңімпаздар: «Креативті денешынықтыру нұсқаушысы» – Мейрамгүл Найманбаева (№93), «Үздік спорттық-сауықтыру іс-шарасы» – Ольга Дыбцева (№96).