Оқушылардың оқу мотивациясын арттырудағы әлеуметтік-психологиялық қызметтің рөлі

Оқушылардың оқу мотивациясын арттырудағы әлеуметтік-психологиялық қызметтің рөлі

Қазіргі білім беру саласында оқушылардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету, бүкіл білім беру ұжымының басым бағыттарының бірі.
Павлодар қаласының № 33 жалпы орта білім беру мектебінде әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесі оқушылардың тұлғалық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған.
Бұл жұмыс білім алушылардың мектеп ортасына бейімделуін жеңілдетуге, оқу мотивациясын арттыруға және қауіпсіз, жайлы атмосфера қалыптастыруға көмектеседі.