Психологтардың кәсіби шеберлігін арттыруға арналған кезекті кездесу өтті

Психологтардың кәсіби шеберлігін арттыруға арналған кезекті кездесу өтті

 

Бүгін Аққулы ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті күзгі демалыс кезеңіне арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан психологтарының кезекті отырысын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – педагог-психологтердің кәсіби тәжірибе алмасуын, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруін және педагогтарға психологиялық қолдау көрсетуді нығайту болды.

Күн тәртібіндегі бағдарлама «Мен жаңашыл мұғаліммін» атты практикалық семинар-тренингтен басталды. Бұл тренингті «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының психологі Камила Төлеуова жүргізіп, мұғалімдердің эмоционалды көңіл-күйін көтеру, өзіне деген сенімділігін арттыру және жаңартылған білім мазмұны аясында психологиялық қолдау көрсету жолдарын талқылады.

Кездесудің келесі бөлімінде Аққулы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Назерке Успанова әріптестеріне арналған «Эбру» арт-терапиясын өткізді. Бұл шығармашылық сессия психологтардың ішкі күйін еркін білдіруге, эмоцияларын реттеуге және өзін-өзі тануға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар мектептегі буллингтің алдын алу бағытындағы «ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында Малыбай ЖОББМ педагог-психологі Айбану Асанова мен Аққулы ауылының ЖОББМ педагог-психологі Назерке Успанова бірнеше тренингтік жаттығуларды ұсынды.

Семинар соңында ассоциация жетекшісі Қымбат Әпсалық “Біз біргеміз” тренинг сабағымын аяқтады.