Бұл маңызды мереке — тәуелсіздік, бірлік және қазақстандық мемлекеттіліктің жаңғыруының символына айналған Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануынан бастау алады.
Биыл біз Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу тарихындағы аса маңызды белес — Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтудеміз.
Республика күні — еліміздің ұлы жолын, еркіндік, келісім мен ұлттық қадір-қасиет құндылықтарын еске салатын мереке.
Бұл мереке Отанымыздың гүлденуі мен тәуелсіздігінің нығаюы жолында жаңа жетістіктерге шабыт берсін!